Павлодарлықтар жазды марафонмен қарсы алады

Қатысушылардың жасына байланысты шектеулер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Балалар мен ересектерге және барлық ниет білдірген азаматтарға арналған жарыс Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткізіледі. «TOPSTAR-мен жүгіру» марафоны жыл сайын ұйымдастырылады.
– Мерекелік таңды қозғалыста өткіз! Отбасыңызбен, достарыңызбен, әріптестеріңізбен немесе жалғыз келіңіз. Біз тамаша көңіл-күй үшін кепілдік береміз, – деді бөлім мамандары.
Марафонның тіркелуі 1 маусым күні сағат 08:00-де «Ertis Promenade» сахнасында болады. Ал бір сағаттан кейін жарыс басталады.
Жарыс бағдарламасы бойынша қыздар мен ұлдар 500 метр, әйелдер 2 шақырым, ал ер адамдар 4 шақырым жүгіреді.
Өз санаттарындағы жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталады. Сондай-ақ, фитнес клубтан сыйлықтар беріледі.