Павлодарлық шаңғышы «классикадан» сүрінді
Қазақстандық спортшылардың ХХХІІ қысқы Универсиададағы өнер көрсетулері жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шаңғы жарысынан әйелдер арасында классикалық спринттен іріктеу жарысы өтті. Жалпы стартқа 71 спортшы қатысып, ұлттық құрама сапында павлодарлық Елизавета Толмачева қатысты. Өкінішке қарай, шаңғышы көшбасшы итальяндық Мария Евгения Боккардиден 31,26 секундқа қалып, 47-орынға табан тіреп, үздік отыздыққа кіре алмады.
Жерлестеріміз арасынан Лаура Қиныбаева тағы да 3:58,17 нәтижемен үздік уақытты көрсетті. Бірақ бұл да ширек финалға шығу үшін жеткіліксіз болды. Оның мақсатына жетуіне төрт секундтай уақыт жетпеді.
19 қаңтарда шаңғышылар командалық спринтте, ал 21 қаңтарда 4 х 7,5 шақырымдық эстафетада сынға түседі. Шаңғышылар өз өнерін 23 қаңтарда жиырма шақырымдық масс-стартпен аяқтайды.
Осығна дейін Елизавета Толмачева Туриндегі Универсиадада алғаш реті сынға түскен болатын. Әйелдер арасындағы он шақырымдық жарыста павлодарлық 32:11,1 көрсеткішімен соңғы уақытты көрсетіп, жарыс көшбасшысы поляк Изабелла Марчижден төрт минуттан астам артта қалып, 45-ші болып мәреге жетті.