Павлодар облысында күн күрт суытады
Еліміз бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады.
22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді. Павлодар облысында қалың қар жауады. Сынап бағанасы -20 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер ел тұрғындарын қатты аяз бен күрделі ауа райына дайын болуға шақырады.