Павлодарлық шаңғышы ел біріншілігінен жүлдемен оралды
Чемпионатқа облыстың атынан 10-ға жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасы жастар чемпионатының бірінші кезеңі 10 шақырымдық классикалық жекелей жүгірумен басталды. Бұл жарысқа қатысқан Сабина Сүлейменова 5-орынға ие болса, Юрий Тумашев 12-ші, Жұмабай Мейіржан 50-ші болып мәреге жетті. Төменгі топта Иван Мертынс 8-ші орынға тұрақтады.
Ал 20 шақырымдық шаңғымен жарыста жерлесіміз Сабина Сүлейменова чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Ал Юрий Тумашев мәреге 13-ші, Жұмабай Мейіржан 42-ші болып жетті. Иван Мертынс бұл жарысты 8 орынмен аяқтады.