Павлодарлық жасөспірімдер жазғы уақытта жұмыс істеу үшін нені ескеруі қажет?

Павлодарлық жасөспірімдер жазғы уақытта жұмыс істеу үшін нені ескеруі қажет?
Фото:pixabay.com/eroyka

@Pavlodarnews.kz тілшісі кәмелетке толмағандарды жазғы жұмыспен қамту бойынша негізгі ережелерді жинады.

Жазғы кезең жасөспірімдерге алғашқы еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, бірақ заңнамалық нормаларды ескеру қажет. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 16 жастан бастап ресми жұмысқа орналасуға болады. Бірақ 15 жастан орта білім алған жағдайда және оқуға зиян келтірместен және 14 жастағыларға да тек демалыс кезеңінде және ата-анасының келісімімен еңбек етуге рұқсат етіледі. 

Міндетті түрде заңды өкілдің қатысуымен еңбек шарты жасалуы керек.

Жасөспірімдерге түнгі уақытта және қосымша жұмыс уақытында жұмыс істеуге тыйым салынады, зиянды немесе қауіпті жағдайлары бар жұмысқа орналасуға, толық материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарға тағайындауға жол берілмейді.

Жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша бірқатар шектеулерді ескеру қажет. Мысалы, 14-16 жастағы балалар аптасына 24 сағаттан, ал 16-18 жастағы балалар аптасына 36 сағаттан артық емес жұмыс істеуге болады. 

Бұл ретте жұмыс беруші еңбекті қорғау нормаларын сақтау, балалардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, жалақыны уақтылы төлеу міндетті. 

Осы ережелерді сақтау кәмелетке толмағандарға құнды кәсіби дағдыларды игеріп, жазды қауіпсіз және пайдалы өткізуге көмектеседі.

Еске сала кетейік, өткен маусымда 11500 баланың 2500-і бюджет қаражаты есебінен абаттандыруда жұмыс істеді, ал қалғандары бизнесте болды. Жұмыс берушілер оларға жалақы өздері төледі. Жасөспірімдер қалалар мен ауылдық аумақтарды абаттандырумен айналысты, трамвай басқармасында бақылаушылар, ауруханалардағы кіші персонал, дүкендерде және басқа кәсіпорындарда қосалқы жұмысшылар, ауылда сауыншылар, шопандар, трактористердің көмекшілері болып жұмыс істеді, жем дайындауға қатысты.