Павлодар облысында мұзды өткелдер жабылады

Павлодар облысында мұзды өткелдер жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінде тек бір ғана мұзды өткел ашық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қаңтарда өңірде 13 мұз өткелі ұйымдастырылып, жабдықталды. Олар ауа райының қолайлы болуына, Ертістегі мұздың қалыңдығына байланысты жергілікті әкімдіктердің бұйрығымен ашылатын. Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың ішінде Ертіс ауданындағы бір мұз өткелі ғана жұмысын жалғастыруда. Қалған аудан мен қалаларда мұзды өткелдер жабылды. Ертіс ауданының әкімдігі 15 наурызда мұз өткелінің жабылатыны туралы хабарлады. 

– Облыстағы мұзды өткелдер болжамды метеорологиялық жағдайды негізге ала отырып жабылды. Бұл су айдындарындағы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жасалады, – деді ТЖД баспасөз қызметінде. 

Құтқарушылар көлік құралдарының барлық иелері, жүргізушілер, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерді сақтау қажеттігін еске салады.

Айта кету керек, былтыр мұз өткелдерінің жалпы саны сегіз болған. 2024 жылы Павлодар, Железин, Тереңкөл аудандарында тағы бес мұзды өткел жабдықталды.