Тереңкөл ауданының тұрғынынан тіркелмеген қарулар тәркіленді

Тереңкөл ауданының тұрғынынан тіркелмеген қарулар тәркіленді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қару сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Тереңкөл ауданының полицейлері бекітілген әкімшілік учаскелер бойынша, оның ішінде Ертіс өзенінің жайылмасында, аңшылық алқаптарының аумақтарында рейдтік іс-шаралар өткізді.  

– Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында тіркелмеген екі қаруды анықтады. Оның біреуі – тегіс ұңғылы қару, екіншісі – газ қаруы, –  деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қапкенов. 

Аталған факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу басталды.