Павлодарлық дәрігерлер витилиго бойынша тегін кеңес береді

Павлодарлық дәрігерлер витилиго бойынша тегін кеңес береді
Фото: bsmu.by

Витилиго диагностикасы бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Қала тұрғындары дәрігердің тегін қабылдауында терідегі проблеманы диагностикалау, витилигоның пайда болу себептері мен емдеу әдістері жайлы біле алады, – деп жазылған хабарламада. 

Қабылдауға 8(7182) 22-35-25 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады. 

Өтетін күні: 2023 жылғы 7 және 14 маусым.

Диагностика уақыты: сағат 09.00-ден 11.00-ге дейін, сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін.

Мекенжайы: Щедрин көшесі, 63, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы, тері-венерологиялық диспансерлік бөлімшесі, «Е» корпусы.