Дуатлон мен қолөнер фестивалі: Екібастұздықтар қала күнін қалай мерекелейді?
Тұрғындар үшін спорттық және мәдени шаралар дайындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, 8 маусымда қала күніне орай ауқымды бағдарлама жоспарланған.
11:00-13:00 – дуатлоннан қалалық турнир басталады. Тұрғындар «Шахтер» стадионынан бағытын бастап Қонаев көшесі-Пішембаев көшесінің қиылысы-Қонаев көшесі бойымен жүгіріп өтеді;
14:00-16:00 – «Қазақстан» алаңында спорттық ойындар – асық ату, гір көтеру, садақ ату бойынша турнирге қатысуға болады;
20:00-21:40 – стеллобад және «Өнер» қалалық мәдениет сарайы алаңында өтетін концертте Бауырбек Бектеміров, Лейла Сейсенбаев, Жібек Айтпаев, Алмас Мұқатай, Мадияр Бақтияров, Мақсат Қасенов және тағы да басқа әртістер өнер көрсетеді. Ал 21:40-23:00-де мерекелік би кеші басталады.
12 маусымда сағат 12:00-де «Атамұра» мәдени орталығында «Сәкен апа өрнегі» қолөнер шеберлерінің фестивалі өтеді.