Павлодарда ұлттық ойындар бойынша мықтылар анықталады

Павлодарда ұлттық ойындар бойынша мықтылар анықталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шара екі жерде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 20 наурызда Наурыз мейрамының «Наурызнама» мерекесі аясында «Ұлттық спорт» ұлттық ойындар күні тойланады. 

Ұлттық спорт түрлерін, балалардың салауатты өмір салтын насихаттау аясында тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, садақ тарту және басқа да ойындар бойынша турнирлер өтеді. 

Спорттық шаралар сағат 11:00-де Ломов көшесі, 180/7 мекенжайындағы Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатында және 14:00-де Шөкин көшесі, 159/4 мекенжайы бойынша Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде өтеді. 

Қосымша ақпаратты 8(777) 365-97-87 телефоны бойынша білуге болады.