Павлодарлық биатлоншылар республикалық чемпионаттан жүлделі оралды

Павлодарлық биатлоншылар республикалық чемпионаттан жүлделі оралды
Фото:pixabay.com

Ақсай қаласында 15 және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында биатлоннан ҚР Кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарлық биатлоншылар жарыстың алғашқы күніне бастап сәтті өнер көрсетті. Спринт жарысынан күміс жүлдегерлер атанды. 

Жеке жарыста Ксения Крашкевич алтын, ал Эвелина Тимофеева күміс жеңіп алды. Жігіттер арасында Әнуар Дұсмағанбетов күміс алса, Вячеслав Дымковских қола медальді еншіледі. 

Жарыстың соңғы күні кіші топта Вячеслав Дымовских пен Ксения Крашкевич қола алса, Эвелина Тимофеев пен Илья Кондауров алтынға қол жеткізді. 

Енді биатлоннан ҚР Кубогының келесі кезеңі  ақпанда Павлодарда өтетін болады.