Павлодарлық шаңғышылар ел чемпионатынан жүлделі орындарға ие болды

Павлодарлық шаңғышылар ел чемпионатынан жүлделі орындарға ие болды
Фото: @shvsm_pav

Шаңғы жарысы Щучинск қаласында өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

19-28 наурызда жалғасып жатқан шаңғы жарысынан ҚР Чемпионатында Павлодар облысының жоғары спорттық шеберлік мектебінің спортшылары қатысып жатыр. Іс-шараның қорытындысы бойынша классикалық спринтте Дарья Ряжко қоланы жеңіп алды, ал командалық спринтте Елизавета Толмачева мен Дарья Ряжко екінші орынға ие болды. 

Бұдан бөлек 22-27 наурызда Щучинск қаласында Ұлттық шаңғы орталығы базасында шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогы FIS шеңберінде ұйымдастырылған болатын. Павлодарлық спортшылар – Дарья Ряжко спринттен 30 километр қашықтықта бірінші орын алса, Елизавета Толмачева скиатлоннан 10 километр қашықтықта сегізінші орынды иеленді.