Павлодарлық кәсіпорын өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдауды жоспарлап отыр
Ескертулер мен ұсыныстар 2024 жылдың 18 қаңтарына дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«EQOLOR» ЖШС Павлодар қаласының Центральная көшесі, 396 мекенжайы бойынша ғимарат бойындағы өнеркәсіп аймағында өндіріс қалдықтарын жинау, қабылдау, тасымалдау, жинақтау, өңдеу, кәдеге жарату және залалсыздандыру жөніндегі қызметті жоспарлап отыр.
Жоспарланған қызмет туралы өтінішпен 27 желтоқсандағы «жария талқылаулар» айдарындағы бірыңғай экологиялық порталда және Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының сайтында «жоспарланған қызмет туралы өтініштер туралы ресми хабарламалар» айдарында танысуға болады.
Ескертулер мен ұсыныстар Павлодар облысы бойынша экология департаментінде pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайына немесе Олжабай батыр көшесі, 22 мекенжайында қабылданады. Байланыс телефон: 8 (7182) 532354.