Павлодарлық көшенің бағдаршамында қосымша секциялар орнатылды

Павлодарлық көшенің бағдаршамында қосымша секциялар орнатылды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ және АЖ бөлімінің мәліметінше, Ак. Сәтбаев-Естай көшелері қиылысындағы бағдаршам объектісінде  Ак. Сәтбаев көшесі бойымен солтүстіктен оңтүстікке жылжу бағыты бойынша - солға бұрылу қосымша секциялар (тіл) орнатылды, сонымен қатар,  қозғалыс фазалары қосылды. 

Бөлім мамандары жүргізушілердің аталған өзгерістерді назарға алуын сұрайды.