Асайын Байханов өңірдегі жылыту маусымына дайындықты талқылады
Кәсіпорындарда энергия блоктары жаңартылып, станциялардың қуаттары артуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті.
– Кездесуде тараптар МАЭС-1 және МАЭС-2 электр станцияларын, сондай-ақ, Екібастұз ЖЭО-ын алдағы жылу беру маусымына дайындау және бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Кәсіпорындарда жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Барлық жұмыстарды уақытылы аяқтау жоспарлануда, – дейді облыс әкімі баспасөз орталығында.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нен көмір мерзімдерге сәйкес жөнелтілуде. Күзгі-қысқы кезеңде өңірдің барлық энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындары қатты ойының қажетті көлемімен қамтамасыз етілетін болады.
– МАЭС-1 станциясының №1 энергия блогын жаңарту аяқталуда, отын беру жүйесі реконструкциялануда. МАЭС-2-де қуаттылығы 500 мегаваттқа болатын 3 және 4 энергия блоктарының құрылысы жүргізілуде, бұл станцияның қуатын 1000 мегаваттқа арттырады. «Богатырь Көмір» кенішінде циклдік-ағындық технология жобасы іске асырылуда, – делінген хабарламада.
Өңір басшысының айтуынша, бұл инвестициялық жобалар ел Президентінің тапсырмасымен іске асырылуда, олар өңір өнеркәсібінің көлемін жыл сайын 300 миллиард астам теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.