Павлодар облысында жолдағы ақаулар үшін лауазымды тұлғалар жазаланды
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарға тексеру жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде 2271 ақау анықталды, олар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 1169 ұйғарым берілді.
– 239 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Ұйқының алдын алу мақсатында автожолдарда 420 шаршы метр шу жолағы орнатылған. Трассалық медициналық-құтқару пункттерінің қызметкерлерімен бірлесіп, жүргізушілердің денсаулық жағдайының көрсеткіштері тексеріледі. Шамадан тыс жұмыс немесе ауыр жағдай анықталған жағдайда оларға тоқтап демалу ұсынылады, – деді облыстық полиция ведомствосы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Оның айтуынша, биыл «Қазавтожол» филиалымен бірлесіп, республикалық трассалардың апатты-қауіпті учаскелерінде жануарлардың 15 макеті, ЖКО алдын алуды насихаттау бойынша 102 ақпараттық панно, елді мекендер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңындағы республикалық маңызы бар автожолдарда 95 стробоскоп орнатылғанын.