Павлодарлық музей балаларды садақ атуға шақырады

Шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіледі, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
1 маусым күні сағат 15.00-де Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бұқар жырау ауылға шақырады» атты мерекелік шара өтеді.
– Киіз үй құрылып, балаларға қазақтың салт-дәстүрі мен «Арқан тарту», «Садақ ату» тағы басқа ұлттық ойындары өткізіліп, ән айтылады. Балалардың өмірін, денсаулығын сақтау, ұлттық салт-дәстүрді бойларына сіңіріп, болашақ үлкен өмірге қадам басуға тәрбиелеп, бағыт-бағдар беру – үлкендердің парызы, – дейді ұйымдастырушылар.
Шараға балалар үйінің тәрбеленушілері қатысады.