Павлодар облысында автокөлік жылқыға соғылды

Павлодар облысында автокөлік жылқыға соғылды
Фото: Павлодар облысы ПД

Салдарынан екі ер адам зардап шекті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар ауданы Толыбай және Маралды ауылдарының арасындағы жолда көлік жүргізушісі жылқыны қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы орын алған. 

– 1982 және 2001 жылы туған екі ер адам зардап шекті. Дәрігерлер екеуін де №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізді, – деді облыстық 103 қызметінде. 

Мал иесіне қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.