Павлодарда жер қатынастары саласында біраз былықтың беті ашылды
20 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының алқасы 2022-2023 жылдар аралығындағы жер қатынастары саласындағы тексерулердің нәтижелерін қарастырды. Прокурорлық тексерулер бұзушылықтардың жүйелілігін көрсетіп, кейбір жағдайларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Атап айтқанда, жерді мақсаты бойынша пайдаланбау, учаскелерді өз бетінше басып алу, жалдау шарттарын негізсіз ұзарту, алыпсатарлық, жерді қайтару көрсеткіштерін асыра бағалау, қалалардағы бас жоспарлар мен аудандардағы жер-шаруашылық құрылғыларының жобаларымен қоса қала құрылысы құжаттарын сақтамау фактілері болған.
– Уәкілетті орган – облыстың жер ресурстарын басқару департаментінің жұмысы тиімсіз деп танылды. Мәселен, талаптарының қанағаттану деңгейі небәрі 30 % құраса, 170-ке жуық нұсқаманың орындалуы бақыланбаған, – деді облыстық прокуратурада.
Ал тексерулердің 70 % заң бұзушылықсыз аяқталған. Сондай-ақ, 168 учаске бойынша материалдар мемлекеттік кіріс органдарына жіберілмегендіктен, бюджетке 20 миллион теңгеден астам салық түспеген.
– Прокурорлар билікті асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жіберді. 20 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Соның ішінде бесеуі мемлекеттік қызметке кір келтiру белгілері үшін жазаланды, – деді облыстық прокуратурада. – 210 мың гектар жерді беру конкурсы, сондай-ақ үш егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жойылды.
Алқа қорытындысы бойынша шешім жобасында жер саласындағы жағдайды жақсарту бойынша бірлескен шаралар кешені енгізілді.