Павлодарлық жас спортшы грепплингтен әлем чемпионы атанды

Павлодарлық жас спортшы грепплингтен әлем чемпионы атанды

Дода Польшада өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Margulan университетінің мәлімдеуінше, Польшада грэпплингтен U17 U20 жастар арасындағы жастар арасында әлем чемпионаты өтуде. Сайыстың бірінші күні Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің М.Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің ДТС-23(9) топ студенті сәтті өнер көрсетті. 

- Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша Мағзұм Имран 54 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын алып, грепплингтен 2023 жылғы әлем чемпионы атанды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Имран екінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Ол бұған дейін былтыры Қазақстан, Азия және 2022 жылғы AIGA әлем чемпионатының чемпионы. 

Имранның жеке жаттықтырушысы Әбдіқадыров Зайырбек Ғабдынасырұлы.