Павлодар облысында дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша оқу-жаттығу өтеді
Бұл құқық қорғау органдарының күштері мен құраладарының дайындығын тексеру үшін ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
13-18 мамыр аралығында өңірде «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу жаттығу күрделіліктің әртүрлі элементтері бар нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты, азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шаралары мен тыныштықты сақтауға және де мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алу ұсынылады.