Павлодарлық әйел үйдің кіреберісінде дәретке отырды

Павлодарлық әйел үйдің кіреберісінде дәретке отырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер заң бұзушының тұлғасын анықтаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Жаяу Мұса көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде кіреберісте дәретке отырған әйелдің түсірілген видеосы тарап кетті. Тұрғындардың айтуынша, әйел бұл үйде тұрмайды.

Үй тұрғындары қатты ашуланып, бейнебақылау камерасынан түсірілген видеоны көріп, желіге жариялап жіберген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскердің тұлғасы анықталды. Оның тұрған жері анықталғаннан кейін белгіленген заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.