Павлодарда гүл сататын дүңгіршек өртенді

Павлодарда гүл сататын дүңгіршек өртенді
Фото: Константин Шелков

Тілсіз жау жарты сағат ішінде ауыздықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:32-де Назарбаев даңғылы мекенжайында орналасқан гүл сататын дүңгіршектің шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеке құрамнан бес адам мен бір техника шықты.

Өрт сөндірушілер өртті сағат 07:03-те ауыздықтады. Өрттің жалпы ауданы — 20 шаршы метр.

Өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.