Ақсуда ер адамның кішкентай қызға шабуылдауына қатысты ақпарат расталмады
Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінде WhatsApp желісінде Ақсуда белгісіз ер адамның кішкентай қыз балаға «шабуыл жасағаны» жайлы тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.
– Полицияға тұрғындардан аталған дерекке қатысы бар арыз түскен жоқ. Полицейлер аталған ауданды аралап, ақпаратты растайтын дерек таппады, – деді департаментте.
Полиция қызметкерлері тұрғындардан тек ресми мәліметтерге сүйенуді сұрайды.
Айта кетерлігі, ҚР ҚК-нің 274 бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін жаза белгіленген.
Фото: Константин Шелков