Павлодарлықтар ауруханадағы жылу сапасына шағымданды

Павлодарлықтар ауруханадағы жылу сапасына шағымданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала әкімі жылу беруді реттеуді тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Хасар Хабылбеков тұрғындардың өтініші бойынша №3 қалалық ауруханаға барып, жылу мәселесімен танысты.

– Жалпы алғанда, палаталардағы температуралық режим санитарлық нормаларға сәйкес келеді, алайда әкімшілік ғимаратта олқылықтар анықталды. Жылу желілері өкілдеріне параметрлерді реттеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым, – деп жазды шаһар басшысы Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, жылыту маусымының барысы облыс әкімі Асайын Байхановтың жеке бақылауында.