Павлодарлықты несие алуға мәжбүрлеген Ақсудың екі жігіті ұсталды

Павлодарлықты несие алуға мәжбүрлеген Ақсудың екі жігіті ұсталды

Ұсталған кезде күдіктілерден Iphone 11 және iPhone 14 Promax маркалы ұялы телефондары, ақшалай қаражат тәркіленді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел қызметкерлері Павлодар қаласында Ақсу қаласының 20 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады.

– Олар қала тұрғынынан 215 мың теңгені ашық түрде ұрлап кеткен. Бұдан әрі қоқан-лоққы жасау арқылы жалпы 1 миллион 640 мың теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Ұсталған кезде күдіктілерден Iphone 11 және iPhone 14 Promax маркалы ұялы телефондары, ақшалай қаражат тәркіленді.  Тонау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 191-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов. 

Қазіргі уақытта олардың Павлодар облысының аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде.