Павлодарлықтар ойын алаңында ішімдік ішкен

Павлодарлықтар ойын алаңында ішімдік ішкен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ойын ойнап жүргендерді» тәртіп сақшылары ұстап алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, И. Байзақов көшесіндегі қалалық аулаларды патрульдеу барысында тәртіп сақшылары күндіз ойын алаңында спирттік ішімдік ішіп отырған екі адамды анықтады. Сол сияқты, Майра көшесіндегі үйдің тұрғыны полицияға қоңырау шалып, жастар тобы ойын алаңында «пивбар» ұйымдастырғанын хабарлады.

– Қарлы күндер жылы болған кезде, балаларымның таза ауада ұзақ уақыт серуендегенін қалаймын. Бірақ біздің серуендеріміз мас адамдармен жанжалға айналады. Олар ескертулерге агрессивті түрде жауап береді, сонымен қатар қоқыс қалдырып кетеді, – дейді тұрғын әйел.

Полиция қызметкерлері барлық құқық бұзушыларды қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, болашақта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Тәрітп сақшыларының айтуынша, ойын алаңы – бұл қоғамдық орын, сондықтан ішімдік ішіп, шу шығару тәртіп бұзушылық болып саналады. Осындай жағдайлар туралы 102 нөміріне, «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасына ақпарат жіберуге болады.