Баянауыл ауданында төрт бала жол апатында зардап шекті

Олар 40 жастағы әйелмен бірге қанағаттанарлық жағдайда Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, бірден төрт бала зардап шекті: 2011 және 2021 жылы туған қыздар, 2012 және 2023 жылы туған ұлдар.
5 сәуірде Шарбақтыдан 60 шақырым жерде көлік шұңқырға ұшып кеткен. Апаттар медицинасы орталығынан екі жедел жәрдем бригадасы мен бір бригада оқыс оқиға туралы шақыртуға жіберілді. Өкінішке орай, апатқа қатысушылардың бірі – 32 жастағы ер адам алған жарақатының ауырлығынан дәрігерлер келгенше көз жұмды. Қалған бес адам – 32 жастағы ер адам, 23 және 26 жастағы қыздар және 2022 және 2024 жылы туған ұлдар түрлі дене жарақаттарымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
– Зардап шеккендердің арасында 2001 жылғы жүкті әйел бар, – дейді облыстық жедел жәрдем станция басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Топ ауруханаға жүкті әйелді апат орнынан алып бара жатқаны туралы алдын ала хабарлаған. Қазір ол мамандардың бақылауында.
Бұдан бөлек, Баянауыл және Май аудандарында өртті сөндіруге, екі күйік оқиғасын және бірнеше ірі апаттың алдын алуға облыстық жедел жәрдем станциясы кезекшілік етті. Нұсқауларға сәйкес, дәрігерлер өрт толығымен оқшауланғанға дейін кезекшілік атқарды.