Павлодар университетінде әйел ғалымдардың үлесі 73 пайызды құрайды
![Павлодар университетінде әйел ғалымдардың үлесі 73 пайызды құрайды](https://cdn.pixabay.com/photo/2015/11/19/21/11/knowledge-1052013_1280.jpg)
Олар өзекті және маңызды жобалармен жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде әйел ғалымдардың үлесі 73 пайызды құрайды. 10 адамның ғылым докторы, 26-сының Phd докторы, 45-інің ғылым кандидаты және 80 қызметкердің магистр дәрежесі бар.
– Біздің университеттің әйел ғалымдары өте білімді, креативті, талантты әрі жауапты. Түрлі гранттар ұтып алып, ауқымды инновациялық жобаларды іске асырады. Біздің әріптестеріміз тек еңбекқорлықпен ғана емес, сұлулықпен, ақылдылықпен, рухани қасиеттермен де ерекшеленеді. Олар бізді өздерінің бойындағы ерекше тәрбиесімен және өз қызметтеріне деген адалдығымен әрдайым таңдандырып келеді, – дейді университетте.
Еске сала кетейік, 11 ақпанда бүкіл әлемде ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні аталып өтті.