Павлодар облысында автокөлік жанып кетті

Сөндіру жұмыстарын электр сымдарының жақын орналасқандығы күрделендірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылдардың бірінде автокөліктің жанып жатқандығы туралы хабарлама түскен.
– Шақырту орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Төрт шаршы метр алаңда «Хундай» маркалы автокөліктің жанып жатқандығы анықталды, – дейді департаментте.
Төтеншеліктер автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады. Әрбір көлік құралы көлемі кемінде екі литр болатын жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс және оны қолдана білу қажет.