Павлодарда саяжайда өрт шықты

Саяжай учаскесі мен құрғақ шөп жануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, сағат 15:19-да Павлодар қаласындағы «Яблонка» бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өртті жою үшін шақыру орнына департаменттің күштері мен құралдары (33 қызметкер, 7 техника) жіберілді.
- Шақыру орнына жеткенде саяжайлар мен құрғақ шөп жанып жатқаны анықталды. Өрттің аумағы шамамен 6 гектарды құрайды, - деді департаментте.
Сондай-ақ өртті сөндіруге Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары (7 жұмысшы, 2 бірлік техника) қатысуда.
Өрт сағат 16:50 кезінде оқшауланған. Алайда, әлі толық сөндірілген жоқ.
Фото: облыстық ТЖД