Талдықорғанда павлодарлық жас палуандар барлық жүлделерді жеңіп алды

Талдықорғанда павлодарлық жас палуандар барлық жүлделерді жеңіп алды
Фото: Өміржан Ошанов

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер нормативтерін орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысының белбеу күресінен аға жаттықтырушысы Өміржан Ошановтың айтуынша, белбеу күресінен ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің 16 облысынан 238 спортшы қатысты. Қыздар жеті, ұлдар сегіз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

– Облыс атынан Аққұла, Майқайың, Ақсу, Железин, Баянауыл және Шарбақты аудандарының спортшылары қатысты. – деп атап өтті спикер. – Біздің балуандар қоржынында екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль бар. Екі «алтын» және «күмісті» Шарбақты ауданының спортшылары Азиза Құттыбай, Мөлдір Данкина, Әмина Әлжанова жеңіп алды. 

«Қоланы» Ақсу ауданының спортшылары Айнұр Ахмет, Железиндік Толғанай Бауыржан және Ақсу ауылдық аймағының өкілдері Әли Тотан мен Ералы Ерен алып келді.

Жеңімпаздар Якутияда өтетін белбеу күресінен Азия чемпионатына жолдама алды.