Павлодарда Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды
Аталмыш жиынға өңірлік кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында «Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы», «Ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша семинар өткізді.
– 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде қолданыста болған Салық кодексінің редакциясына енгізілген түзетулер енгізілді, - дейді Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының басшысы, іс-шара спикері Галина Бирюкова.
Оның айтуынша, Салық кодексінің 630-бабы 1-тармағының бірінші және екінші тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары, басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), заңды тұлғалардың басшылары (қатысушылары) мен олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары болып табылатын бейрезиденттер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынудан босатылды.
Сондай-ақ, семинарда жаңа салық кодексінің жобасы жайлы сөз қозғалды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар көптеген сұрақтарға жауап берді.