Павлодарлық жас боксшылар Астанадан 12 медальмен оралды
«Жігер» орталығының жеті тәрбиеленушісі республикалық турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
25–27 қыркүйек аралығында Астанада жас боксшылар арасында республикалық турнир өтті. Жарысқа Алматы мен Астана қалалары, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарынан спортшылар қатысты.
Павлодар намысын «Жігер» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының 12 тәрбиеленушісі қорғады. Олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды.
Алтын медальді Әли Ертай, Әбілмансұр Берік, Әлижан Сапар, Айсұлтан Камал, Савелий Андронов, Нұралы Марат және Ансар Назир жеңіп алды.
Мәди Мұхаметқали күміс жүлдеге ие болды. Аян Ертай, Нариман Қайыр, Асанәлі Койчубаев және Ансар Бекболатов қола медаль иеленді.
Жарыста Әлижан Сапарға арнайы жүлде де бұйырды. Ол өз жас санатында «Турнирдің үздік боксшысы» атанып, чемпиондық белбеумен марапатталды.
Жас боксшыларды турнирге жаттықтырушы Ертай Жәменкенов дайындады.