Павлодарда еріктілер қараусыз қалған жануарларға баспана салды

Павлодарда еріктілер қараусыз қалған жануарларға баспана салды
Фото: pexels.com

Серуендеу алаңы да қарастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс орталығында жануарларға арналған контейнердегі үй өткен аптада салынды. 28 шілде күні ол жерге 20 мысықты әкелініп, орналастырылды. Ерікті Надежда Гордееваның сөзніше, жақын арада оларға тағы он мысық қосылады.

–        Бұл үйді әлі толығымен жайластырып үлгермедік: жарық пен жылу жоқ. Жарықты қосқаннан кейін үй қалпына келеді. Соған қарамастан мысықтардың көңілі көтерілгені байқалып жатыр, – деді Надежда Гордеева.

Мысықтармен қатар баспанада үш ит тұрады.

–        Жануарлардың қоныстануына орай біз әр түрлі сыйлықтарды: ойыншықтар, жануарларға арналған азықтарды қабылдаймыз, – деді спикер.– Жөндеу үшін кеткен қарызды жабу керек, сондықтан ақшалай көмек те артық болмас.

Еріктілер ит пен мысықтарға арналған баспанасының жанында серуендеу алаңын құрмақшы.