Павлодар облысынан бірмандатты жүйе бойынша Жарқынбек Амантай депутат болды

Павлодар облысынан бірмандатты жүйе бойынша Жарқынбек Амантай депутат болды

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Комиссияның алдын ала дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы – 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді;
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;
7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;
«Бәріне қарсымын» - бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде өткен сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасаған.

Сонымен қатар, орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бірмандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімін жариялады. 

Олар мыналар:

Дәулет Тұрлыханов (Астана)

Дәулет Мұқаев (Астана)

Ерлан Стамбеков (Алматы)

Ермұрат Бапи (Алматы)

Бақытжан Базарбек (Алматы)

Данабек Исабеков (Шымкент)

Болатбек Нәжметдинұлы (Шымкент)

Нұртай Сәбилянов (Абай облысы)

Айна Мысырәлімова (Ақмола облысы)

Қазыбек Әлішев (Ақтөбе облысы)

Ардақ Назаров (Алматы облысы)

Данияр Қасқарауов (Алматы облысы)

Әділ Жұбанов (Атырау облысы)

Абзал Құспан (БҚО)

Мұқаш Ескендіров (Жамбыл облысы)

Гүлдара Нұрымова (Жамбыл облысы)

Руслан  Қожасбаев (Жетісу облысы)

Құдайберген Бексұлтанов (Қарағанды облысы)

Арман Қалықов (Қарағанды облысы)

Әбіл Еркін (Қостанай облысы)

Мархабат Жайымбетов (Қызылода облысы)

Еділ Жаңбыршин (Маңғыстау облысы)

Амантай Жарқынбек (Павлодар облысы)

Еркебұлан Мәмбетов (СҚО)

Қайрат Балабиев (Түркістан облысы)

Ұласбек Сәдібеков (Түркістан облысы)

Темір Қырықбаев (Түркістан облысы).