Май ауданында 35 жылға жуық жөнделмеген ғимарат жаңартылады

Май ауданында 35 жылға жуық жөнделмеген ғимарат жаңартылады

Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Майтүбек ауылында 1989 жылы қаланған ғимараттың бірінші қабатында әкімдік пен учаскелік полиция инспекторының, ветеринариялық дәрігердің және пошта кабинеттері орналасқан. Екінші қабатта орналасқан кабинеттерде ардагерлер кеңесі, кітапхана, коворкинг жұмыс істейді.  

Май ауданының әкімі Ағыбай Әміриннің айтуынша, 34 жылдың ішінде ғимаратта бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеді. 

Бұл совхоздың бұрынғы ғимараты. Жөндеуге 81 миллион теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстардың  85%-ы орындалды, – деп атап өтті аудан әкімі.

Оның сөзінше,  ғимараттың шатыры, қасбеті дайын, ішкі жұмыстар жүріп жатыр. Нысанды шілде айының басында Астана күніне орай пайдалануға беру жоспарлануда.

Еске сала кетейік, 2025 жылда Қызыл Октябрь – Жаңа Ақшиман тас жолын жөндеуін аяқтау жоспарлануда. Жоба толық көлемде қаржыландырылды.

Фото: Константин Шелков