Таргетолог маман павлодарлықтарға сәттілік құпияларын үйретеді

Таргетолог маман павлодарлықтарға сәттілік құпияларын үйретеді
Фото: pexels.com

Креатив орталығында «Өзін-өзі дамыту жолы – барлығына арналған жол емес» атты шеберлік сағаты өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының мәліметінше, «Business community» жастар жобасы аясында шеберлік сағатында маркетолог, креатор, спикер, таргетологтардың тәлімгері, «Папа таргета» маркетинг агенттігінің басшысы Мәди Шаймұратов өзінің сәттілік құпияларымен бөліседі және әрекетке шабыттандырады.

– Маман өмірдегі мансапқа жету жолдары мен өз әлеуетіңізді түсініп, армандарыңызға сенімді түрде қадам басуды, мотивация мен қиындықтарды жеңудің тиімді стратегияларын зерттеуді үйретеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, кәсіби мамандардан жауап алу мүмкіндігіне ие болады, – дейді ұйымдастырушылар. 

Өткізілетін орны  мен уақыты: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, 14 қыркүйек күні сағат 15:00-де.

Қатысу үшін  8(747)3794904 нөмірі арқылы жазылуға болады. 

Сурет Мәди Шаймұратовтың парақшасынан алынды