Павлодарда тұрғын үйлер мен нысандарда жарық өшіріледі

Павлодарда тұрғын үйлер мен нысандарда жарық өшіріледі

14 ақпанда уақытша жарық болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, жарық электр желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты өшіріледі. 

– Сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін  Гурьевская көшесі – Малайсары Батыр көшесі - Щедрин көшесі, Аймауытов көшесі - Карагандинская көшесі - Кисловодская көшесі -  Нұрмағамбетов көшесі - Всеволод Иванов көшесі және Геринг көшесі - Омская көшесі - Нұрмағамбетов көшесі - Комсомольская көшелері бойындағы тұрғын үйлерде жарық болмайды, – делінген хабарламада.

Сағат 17:00-ге дейін Кривенко көшесі, 26,49 мекежайларында, Қайырбаев көшесі, 67,69 мекенжайларында және Мәшһүр Жүсіп көшесі, 74,46,84,90,92  мекенжайларындағы объектілерде жарық болмайды.

 Сондай-ақ, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Лермонтов көшесі, 83, 85, М. Жүсіп көшесі, 23 мекенжайларында орналасқан бизнес обьектілерінде және Лермонтов көшесі, 83, 85, 87/1, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 23, 29 мекенжайларында орналасқан тұрғын үйлерде электр қуаты өшіріледі.