Павлодарлықтар республикалық туристік көпсайыстың абсолютті чемпионы атанды

Павлодарлықтар республикалық туристік көпсайыстың абсолютті чемпионы атанды
Фото: білім басқармасынан

Қазақстан чемпионаты «Іле - 2024» республикалық жарысында өзге жерлестеріміз де үздік атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, дода Алматы облысының Тамғалы-Тас шатқалында Іле өзенінің жағасында өтті. Шараны Қазақстан Республикасының спорттық туризм Федерацияларының қауымдастығы және Жетісу облысының спорттық туризм Федерациясы ұйымдастырды.

- Тау туризмі тау құтқарушыларын дайындайды, сондықтан барлық жарыстар құтқару жұмыстарына және командалардың зардап шеккендерге қалай көмек көрсету керектігін білуге арналды, - деді экология және туризм орталығының педагогі Ирина Ридзаускене. 

Спикердің айтуынша, жар тастағы және каньондағы құтқару жұмыстары, байлам және команда ретінде жұмыс істеу, жәбірленушіні көтеру, түсіру және тасымалдау - бұл дағдылардың барлығын 14 жасқа дейінгі және 15 - 18 жасқа дейінгі ең кішкентай туристер еңсерген. 

- «Ұлдар», «Жас өспірімдер» топтары арасында және 19 жастан асқан қатысушыларда «Ересектер» тобы арасында тексерілді. Павлодар намысын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар аула клубының 33 қатысушысынан тұратын «Жас өспірімдер» (екі команда), «Юниорлар» (үш команда), «Ересектер» тобынан тұратын 5 спортшылар командасы қорғады, - деді Ирина Ридзаускене. 

Жарыс қорытындысы бойынша «Павлодар» командасы «Юниорлар» топтарының қатысушылары арасында «Іле - 2024» республикалық жарыстарының абсолютті чемпиондары атанып, чемпионат кубогын жеңіп алды.

«Юниорлар» топтарының қатысушылары арасында «Байламдар» қашықтығында І орынды Анастасия Васильева мен Василина Докучаева иеленді. Ал «Павлодар - 1» командасының қатысушылары спорт шебері кандидатының нормативін жапты. 

«Іле - 2024» республикалық жарыстарында ІІІ жалпы командалық орынды алған және ересектер командасы арасында спорт шебері нормативін Дания Бикмулина, Михаил Сидоренко, Кирилл Деркач, Артем Киселев қорғады. Дания бұл атақты небары 16 жасында жеңіп алған ең жас қатысушы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің басшылары командаларды дайындағаны үшін ұйымдастырушылардың Алғыс хатымен марапатталды.