Тұрмыстық газ баллонын құйған Павлодар облысының тұрғыны жазаланады

Тұрмыстық газ баллонын құйған Павлодар облысының тұрғыны жазаланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автокөлікке газ құю станциясы тұрмыстық газ баллонын құйған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  22 сәуір күні шамамен 16 сағат 45 минутте облыстық ТЖД пультіне автокөлікке газ құю станциясында тұрмыстық газ баллонын құю жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

— Хабарлама Павлодар қаласы ТЖБ КАЖ-да тіркелді. Тексеріс нәтижесінде заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды,  - деді департаментте. — Бұл жағдай өрт қауіпсідік ережелерін бұзып,  тұрғындардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіреді.

ТЖ департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес автокөлікке газ құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын құюға тыйым салынатынын ескертеді. Ережелер сақталмаса әкімшілік жауапкершілікк көзделген.