Павлодарда салық қызметкерлері алаяқтарға сенбеуге шақырды
Бүгінде жалған хабарлама жолдау жағдайлары жиілеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына жіберілген «Бұзушылықтарды жою туралы ескерту, банк шотындағы ақшаны пайдалана отырып, бюджетке берешекті өндіріп алу» деген тақырыппен берілген хабарламаларға сенуге болмайды.
– Мемлекеттік кірістер органдарымен жасалған барлық хабарламалар нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде қалыптастырылады, – деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаментінде.
Ведомство ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «Салық төлеушінің шотына», Электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне және e-Salyq мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші өзінің жеке кабинетіндегі кейбір хабарламаларды салық төлеуші кабинетінде, қарапайым электронды қолтаңбамен, ESA, ESB-де бірден көре алады. Бұл ретте, хабарламаларды камералық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастыратын салық төлеуші өз электрондық поштасына салық төлеуші кабинетінде немесе қарапайым электронды қолтаңба арқылы қол қойылған PDF нысанын дербес сұрайды.
Осыған орай, Мемлекеттік кірістер комитеті қырағы болуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қаражатты аудармауға, күмәнді сілтемелерге жол бермеуге, келіп түскен хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.
МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына хабарламалар жіберілмейді.