Павлодар облысының алып зауыт басшысы реформаларды қолдады

Павлодар облысының алып зауыт басшысы реформаларды қолдады

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Маждай Ахметов жаңа Конституцияны қолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПМЗХ» ЖШС бас директоры Маждай Ахметов жаңа Конституция жобасын қолдайтыны туралы мәлімдеме жасап, оның өнеркәсіптік дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілі ретінде, елдегі ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің басшысы ретінде мен жаңа Конституцияны қолдаймын. Өндірісті жаңғырту, өңдеуді арттыру және көбірек өнім шығару үшін бізге тұрақтылық қажет. Жаңа Конституция бізге осындай мүмкіндік береді, - деп атап өтті Маждай Ахметов.

Оның айтуынша, болашаққа деген сенімділік компания қызметкерлері үшін ерекше маңызды. Мыңдаған қызметкерлер, тұтас еңбек әулеттері қорғалуы және компанияның ұзақ мерзімді даму перспективалары бар екенін түсінуі керек.

Компания тұрақты және анық ережелер Павлодар облысында өнеркәсіптік өсуге, аймақтық экономиканы нығайтуға және жұмыс орындарын сақтауға жағдай жасайды деп санайды.