Павлодарда мемлекеттік қызметшілер арасындағы ойын құмарларды қалай анықтайды?
Өңірдің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен құмар ойындарға қарсы форум өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Асхат Ескендіров өңірдің мемлекеттік қызметшілері арасында құмар ойынға салыну бойынша деректер жоқ. Алайда басқа облыстарда осындай деректер тіркелген. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салу, яғни құмар ойындар жүзеге асырылатын мекемеге барудың өзі заңмен бекітілген, бұл тәртіптік теріс қылық саналады. Ал оны ойнау мемлекеттік қызметтен шығару үшін негіз болып табылады.
Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастырушылық бақылау басшысы, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Серік Муслимов этикалық нормалардың бұзылуы туралы банкке сұрау салу бойынша білуге болатынын атап өтті.
– Барлық ставкалар мобильді банкинг арқылы жасалады. Әрбір төлем операциясының өз мақсаты бар, оның ішінде құмар ойындардағы шотты толықтыру. Ал мобильді банкингтер қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің сұранысы бойынша әрқашан тексерілуі мүмкін. Мысалы, күдіктің қандай да бір қаупі болса да, мемлекеттік қызметші өз еркімен банк шотының көшірмесін әкелуі мүмкін, – деді Серік Муслимов.
Бұдан бөлек, басқарма басшысы қаржы мониторингі жөніндегі орган ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының көршілес департаментімен бірлесіп, Павлодар облысының аумағында жасырын казино ұйымдастырған адамдар тобын ұстаған.
– Олардың негізгі сервисі Павлодарда орналасқан. Бірақ бүкіл республика бойынша жұмыс істеген. Бұл топ толығымен ұсталды, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді спикер.
Айта кетерлігі, 2023 жылы Павлодар облысында жасырын құмар ойындарды заңсыз ұйымдастырғаны үшін өңір тұрғыны құрықталған. Іс сот қарауында.