Есірткіге жол жоқ: Павлодарлықтарды үстел теннисін ойнауға шақыруда

Есірткіге жол жоқ: Павлодарлықтарды үстел теннисін ойнауға шақыруда
Фото: pexels.com / Josh Sorenson

«Спортты таңда, есірткіге жоқ де» ашық топтық турнирі халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«New Vision Team» қоғамдық қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара 29 маусым күні 14 пен 35 жас аралығындағы спортшылар арасында өтеді.

Өтетін орны: Қамзин көшесі, 39/4 – «Jenimpaz» үстел теннисі орталығы. Қатысушыларды тіркеу сағат 9:00-де басталады.

Қосымша ақпарат алу үшін турнирдің бекітілген Ережесімен танысу қажет.

Іс-шара облыстық ақпарат және әлеуметтік даму басқармасының тапсырысы бойынша, облыстық ішкі істер департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы, облыстық үстел теннисі федерациясы, №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің қолдауымен өткізілуде.