Жазда Павлодар облысында қырыққабат арзандай ма?

Қырыққабат бағасының көтерілу кезеңі бастау алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық отырыста кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Талғат Әнуарбеков күнбағыс майы, қант және басқа да көптеген тауарлардың бағасының көтерілуі мен түсуі кезеңдері болатынын хабарлады. Бүгінде қырыққабат бағасының көтерілу маусымы басталды.
Облыс бойынша орамжапырақтың орташа бағасы 250 теңгені құрайды, бірақ қазірдің өзінде баға төмендеп бара жатыр. Соңғы аптада осы көкөніс 60 теңгеге арзандады. Мәселен, павлодарлық «Жайлау» әлеуметтік нарығында қырыққабаттың бір келісі үшін тұрғындар 160 теңгеге жуық төлейді.
– Кеше Түркістан облысы Жетісай ауданымен жиын өткіздік. Қазір Жетісайда қырыққабаттың құны – 90 теңге. Бірақ Павлодар облысына тасымалдауды және сауда үстемесін ескере отырып, орташа баға 180 теңгені құрайды, – дейді Талғат Әнуарбеков.
Болжам бойынша, маусым айының бірінші онкүндігінде облыста қырыққабаттың бағасы 90-100 теңгеге түседі.
– Жергілікті атқарушы органдар нарықтағы, әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын қадағалауы қажет. Сатушылар 15 пайыздық сауда үстемесін сақтауы керек, – деп талап етті облыс әкімі Асайын Байханов.
Еске сала кетейік, көкөніс бағасы 2025 жылдың басында көтеріле бастады.