Павлодарлықтар «Жастар тәжірибесі» жобасына қатысу үшін нені білу керек?
Қалалық мансап орталығы 2018-2023 жылы оқу бітірген түлектерді жобаға қатысуға шақыруда , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Жаcтар тәжірибесі» –дипломға сәйкес мамандығы бойынша жастарды жұмысқа орналастыруға арналған жоба.
Оған кімдер қатыса алады?
- Соңғы 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған түлектер;
- Мамандық бойынша жұмыс істемеген жастар;
- Жасы 35-тен аспаған жастар.
Жобаға қатысушыларға 30 АЕК көлемінде жалақы төленеді, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Құжаттар тізімі:
- Жеке куәлік;
- Білімі туралы диплом;
- Еңбек кітапшасы (бар болса);
- 20 таңбалы шот туралы банктен хабарлама.
Жұмыс берушілер үшін өтінімдерді беру электронды еңбек биржасы enbek.kz электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін Ак. Бектұров көшесі, 115 Б мекенжайында орналасқан Павлодар қаласының мансап орталығына жүгінуіңізге болады.