Павлодар облысынан Батыс Қазақстанның су тасқыны бар аймақтарына техника жіберілді
Әкімдік құтқарушыларды сол жердегі бөгеттерді нығайтуға жіберу туралы шешімді қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аймақ басшысы Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша облыстық ТЖД мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, 13 техника мен 13 адамнан тұратын колоннаны құрды. Бұл күштер Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайды жоюға көмек көрсету үшін жіберілді.
Олар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылып, өңірдің су тасқыны қауіпті учаскелерінде қажетті көмек көрсетеді. Еріген суды сорып, траншеялар қазады, қап дайындап, бөгеттерді нығайтатын болады.
Еске сала кетейік, павлодарлық төтеншеліктер Солүстік Қазақстан облысында су тасқынымен күресуді жалғастыруда. Ол жерде Павлодар облысы ТЖД-ден барлығы 53 адам және 10 техника жұмыс істеуде.