Жүлде қоры - 300 мың теңге: Павлодарда StandUp өтеді

Жүлде қоры - 300 мың теңге: Павлодарда StandUp өтеді
Фото: Павлодар Жайдарман лигасы

Финалға бес қатысушы тікелей өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетте 12 желтоқсан күні сағат 18:00-де облыстық StandUp ойындары өтеді. 

Аталмыш ойынға іріктеу кезеңінен бес әзілқой тікелей өтті. Алайда ұйымдастырушылардың айтуынша, қосымша қатысушылар алынуы мүмкін. 

Айта кету керек, аталмыш шара облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылуда.