Павлодарда түрлі сала өкілдері интеллектуалды сайысқа түседі
Оларға барлық бағыттарды қамтитын сұрақтар қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
18 сәуірде сағат 11:00-де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада мәдениет, денсаулық, білім беру салаларының және бұқаралық ақпарат өкілдері арасында «Mi trend» интеллектуалды сайыс өткізіледі.
Сайыс «Іріктеу» және «Дода» кезеңдерден тұратын болады. Қатысушыларға әдебиет, жалпы сұрақтар, өнер, салт-дәстүр, әлем және тарих бағыттарындағы сұрақтар қойылады.